Министр Шымкенттегі жаңа терминалдың құрылысы неге 4 жылдан астам уақыт жүргізіліп жатқанын түсіндірді

Автор: Аягөз Құрмаш

Терминал 2020 жылы тапсырылуы керек болған

Фото ашық дереккөзден

Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев авиаотын тапшылығы жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Шымкент әуежайының жаңа терминалының құрылысы созылып кетті. Пайдалануға беру мерзімі 2020 жылдың бірінші жартыжылдығына белгіленген еді. Алайда, сот ісіне және жер учаскесін уақтылы бөлмеуге байланысты бірқатар себептермен құрылыс процесі 4 жылдан астам уақыт бойы жүргізіліп келеді», - деді Қарабаев.

Министр бұл жұмысты әкімдік реттейтінін айтты.

«Шымкент қаласының әкімдігі биыл жобаны аяқтау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауы қажет, атап айтқанда, бағалау сараптамасын жүргізіп, жер учаскесін беру рәсімдерін жеделдетуі тиіс», - деді ол.