30.05.2023, 10:14
Қоғам
Биыл Қазақстанда запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады
Үкімет қаулысының жобасы 6 маусымға дейін талқыланады
Фото: inform.kz
Қорғаныс министрлігі ҚР Үкіметінің «Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы» қаулысының жобасын дайындады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ведомство мәліметінше, құжатта 2023 жылы әскери қызметке шақыруға жоспарланатын запастағы офицерлердің жалпы саны, сондай-ақ құрамында запастағы офицерлерді шақыру жоспарланатын мемлекеттік органдардың атаулары қамтылған.
Үкімет қаулысы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында осы жылдың 6 маусымына дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына сілтеме бойынша танысуға болады.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда әскери қызметке жарамды, әскери борышын өтемеген запастағы офицерлерді шақыру жоспарланып отырғанын хабарлаған болатынбыз.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 16:02
Павлодарда дәрігерлер пойыз астына түскен жас жігіттің бір аяғын кесіп алып тастады: ол бәрібір қайтыс болды
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты