26.05.2023, 07:40
Қоғам
Сомали түбегіндегі елдерге шұғыл көмек көрсетіліп жатыр
БҰҰ-ға мүше елдер Африкадағы Сомали түбегінде орналасқан мемлекеттерге шұғыл түрде 2,4 млрд доллар бөлуге келісті
Фото: lenta.ru
Қаржы қуаңшылықтан туған азық-түлік тапшылығымен күресу үшін қажет, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Хабар 24-ке сілтеме жасап.
Құрғақшылықтан Эфиопия, Кения, Сомали және Джибутиде 43 млн адамға ашаршылық қауіпі төнген. Ұйым өкілдерінің айтуынша, жалпы гуманитарлық шараларға 7 млрд доллар қажет.
«Бұл – осы аймақ тарихындағы ең ұзақ қуаңшылық. Түбекте көп жылдарға созылған қарулы қақтығыстардан тұрғындардың жаппай бас сауғалап көшуі белең алған. Азық-түлік тапшы. Осы себепті мен әлем елдерін аймаққа жедел гуманитарлық көмек көрсету үшін қаржылай қолдау білдіруге шақырамын», - деді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)