$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.05.2023, 06:19
Қоғам

Жел күшейіп, батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл тұрады

Синоптиктер бүгінгі ауа райына болжам жасады

Жел күшейіп, батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл тұрады
Фото: sputnik.kz

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республиканың батысында, солтүстігінде, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Атыраудың басым бөлігінде, Павлодардың шығысында, орталықта, Қызылорданың шығысында, Қарағандының шығысында, Ұлытау орталығында, Ақтөбе облыстарының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі күтілуде. Қостанай облысының басым бөлігінде – жоғары өрт қаупі.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +20+22°С.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +23+25°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +27+29°С.

Серіктес жаңалықтары