$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.05.2023, 18:08
Қоғам

Риддердегі жылу қазандықтарын жөндеу жұмыстары 15 қыркүйекке дейін аяқталуы тиіс

Бұл жөнінде өңір басшысы Instagram-дағы парақшасына жазды 

Риддердегі жылу қазандықтарын жөндеу жұмыстары 15 қыркүйекке дейін аяқталуы тиіс

23 мамыр күні ШҚО әкімі Даниал Ахметов жылу энергетикасымен, жылу электр орталықтарын жөндеумен, мамандандырылған жабдықтарды орнатумен айналысатын кәсіпорындардың басшыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

«Біз жақын арада Риддер жылу электр орталығын жөндеуді бастаймыз, бұл кешенді тәсіл – барлық алты қазандық агрегаттарын және жылу орталықтарын күрделі жөндеу болады. Жаңа жылыту маусымында төтенше жағдайлар болмауы үшін 15 қыркүйекке дейін барлық жөндеу жұмыстары аяқталуы керек»,  – деп жазды Даниал Ахметов.

Ол бұған ұажет қаржылық мүмкіндіктер бар екенін, жабдықтың бір бөлігі сатып алынғанын айта келе, Риддер ЖЭО коммуналдық меншікке берілуі мүмкін екенін атап өтті.

«Жылу көзінің кредиторлық берешегі үш миллиард теңгеден асады, тиісті талап арыздар берілді. ҚР Президентінің тапсырмасын орындау аясында еліміздің энергетикалық объектілерін мемлекет меншігіне алу туралы заң әзірленуде және оны қабылдағаннан кейін Риддер ЖЭО коммуналдық меншікке берілуі мүмкін», дейді Даниал Ахметов.

Серіктес жаңалықтары