$ 495.95  524.37  4.98
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.05.2023, 12:11
Қоғам

Жыл басынан бері АӘК алушы отбасыларға қосымша 2,6 млрд теңге төленді

Аталған сомаға 80,8 мың отбасындағы 150,8 мың балаға қосымша төлем тағайындалды

Жыл басынан бері АӘК алушы отбасыларға қосымша 2,6 млрд теңге төленді
Фото: ашық дереккөзден

2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға қосымша 2,6 млрд теңгеден астам қаражат төленді. Бұл 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы монетизациялау арқылы көмектің заттай түрін ақшалай түрге ауыстыру арқылы қол жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жазуынша, кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы ұсыну кезеңінде жиынтық алатын отбасылардан көмектің осы түрін ақшалай форматқа ауыстыру, яғни баланың қажеттіліктеріне сүйене отырып, өнімді сатып алу мүмкіндігін беру туралы ұсыныстар түсті.

«2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл әлеуметтік топтама 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда әрбіріне 1,5 АЕК мөлшерінде қосымша ай сайынғы төлем түрінде ұсынылады (2023 жылы – 5 175 теңге). Бұл ҚР Әлеуметтік кодексінде көзделген балалы отбасыларды әлеуметтік қолдаудың атаулылығын күшейту жөніндегі шаралардың бірі. 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 2,6 млрд теңгеден астам сомаға 80,8 мың отбасындағы 150,8 мың балаға қосымша төлем тағайындалды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары