$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.05.2023, 20:54
Қоғам

«AMANAT медиа сыйлығы – 2023»: Республикалық байқауға өтінімдер қабылдау басталды

Медиа сыйлық БАҚ жанрлары бойынша емес, тақырыптық бағыттар бойынша ұсынылған үздік жұмыстарға беріледі

«AMANAT медиа сыйлығы – 2023»: Республикалық байқауға өтінімдер қабылдау басталды

2023 жылы 22 мамырда «AMANAT» партиясы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында республика деңгейінде өтетін дәстүрлі байқау басталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің әлеуетін арттыруға бағытталған ашық байқауда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей бастамасымен жүзеге асырылып жатқан реформалар, еңбек адамы, аймақтың өмірі мен тынысы, рухани және мәдени даму, жастардың қоғамдағы рөлі, Алаш қозғалысы, азаматтық борыш секілді негізгі тақырыптар қамтылады.

Медиа сыйлық БАҚ жанрлары бойынша емес, тақырыптық бағыттар бойынша ұсынылған үздік жұмыстарға беріледі.

Сондай-ақ, «AMANAT медиа сыйлығы» байқауы аясында арнайы Мағжан Жұмабаев  атындағы «Сөз зергері» сыйлығы, Шерхан Мұртаза және Камал Смайылов атындағы «Телевизия үздігі» және «Белсенді азаматтық ұстанымы үшін» аталымдары бойынша арнайы сыйлықтар қарастырылған.

Өтінімдер 22 мамырдан 19 маусымға дейін қабылданады. Жеңімпаздар 26 маусым күні  салтанатты түрде марапатталады. Биылғы байқаудың үздіктері «AMANAT» медиа сыйлығы мүсіншесімен және қаржылай сыйлықпен марапатталады.

Байқау жеңімпаздары екі бағыттағы он номинация бойынша анықталады.

Тақырыбы бойынша:

1. «Еліміздегі реформалар туралы үздік материал»;

2. «Еңбек адамы туралы үздік материал»;

3. «Аймақ туралы ең үздік материал»;

4. «Рухани-мәдени даму туралы үздік материал»;

5. «Жастар туралы үздік материал»;

6. «Алаш қозғалысы туралы үздік материал»;

7. «Азаматтық борыш туралы үздік материал»;

Арнайы сыйлықтар:

1. Мағжан Жұмабаев  атындағы «Сөз зергері» сыйлығы. 

2. Шерхан Мұртаза және Камал Смайылов атындағы «Телевизия үздігі» сыйлығы. 

3. Белсенді азаматтық ұстанымы үшін. 

Толық ақпаратты amanatpartiasy.kz сайтынан алуға болады.  Байланыс үшін: 8-7172-916-005,  8-7172-916-029, 8778-097-55-22. Электрондық мекенжай: media_premiya@amanatpartiasy.kz.

Журналистер арасында «AMANAT МЕДИА СЫЙЛЫҒЫ» республикалық конкурсын өткізудің жалпы ережесі

1. Журналистер арасындағы «AMANAT МЕДИА СЫЙЛЫҒЫ» республикалық конкурсы (бұдан әрі - Конкурс) «AMANAT» партиясының (бұдан әрі - партия) қызметі мен жаңғыруы туралы тұрғындарды ақпараттандыру, журналистердің шығармашылық әлеуетін көтеру және ынталандыру, сондай-ақ журналистік қоғамдастықты елдегі саяси, экономикалық және рухани жаңғыруы, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың  Қазақстан халқына Жолдауында және бағдарламалық құжаттарында көрсетілген өзекті міндеттерді жария етуге тарту мақсатында өткізіледі.

2. Конкурстың міндеттері:

  • партия мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері (бұдан әрі - БАҚ) арасындағы серіктестік пен ынтымақтастықты дамыту;
  • журналистердің назарын партия қызметін және жаңғыруын, сондай-ақ жаңа партиялық жобаларды жария етуге аудару;
  • «Елдегі саяси, экономикалық және рухани жаңғыруы, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың  Қазақстан халқына Жолдауында және бағдарламалық құжаттарында көрсетілген өзекті міндеттер» тақырыптарын жариялауға журналистердің назарын аудару;
  • Қазақстан жұртшылығының партияның бағдарламалық құжаттарының іске асуы туралы ақпаратпен хабардар болу деңгейін арттыру.

3. Жеңімпаздарды анықтау мен сыйлықтарды беру Конкурстық комиссияның шешімімен жүзеге асырылады.

4. Комиссия құрамына партия Саяси кеңесінің мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, партияның Орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, белгілі журналистер, жазушылар мен әдебиеттанушылар кіре алады.

5. Конкурстық комиссия сыйлыққа үміткерлерді таңдау кезінде келесі өлшемдерді басшылыққа алады:

  • материалдардың обьективтілігі;
  • қозғалған проблемалар мен оны шығармашылық талдау тереңдігі;
  • материалдар тудырған қоғамдық резонанс;
  • жұмыстың шығармашылық сапасы.

6. Конкурстың өткізілуін үйлестіру.

Конкурстың өткізілуін үйлестіру Конкурсты ұйымдастыру комитетіне (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) жүктеледі. Оның құрамын партияның Атқарушы хатшысы бекітеді.

7.  Ашықтық.

Осы Ереже конкурсқа қатысуға үміт білдірген барлық мүдделі тұлғалардың танысуы үшін БАҚ-та жарияланады.

8. Конкурс жеңімпаздарының келесі конкурсқа кем дегенде 3 жылдан кейін қатысуға құқығы бар.

2. Конкурсқа қатысу шарттары

9. Конкурсқа қатысуға республикалық және жергілікті деңгейдегі барлық қазақстандық БАҚ-та жұмыс істейтін журналистер, сонымен қатар блогерлер мен штаттан тыс журналистер шақырылады.

10. Конкурсқа қатысуға еліміздің саяси, экономикалық және рухани жаңғыруы, партиялық бағдарламалық құжаттар мен жобалардың жүзеге асырылуы, жастар саясаты мен партия, оның филиалдары, барлық деңгейдегі мәслихаттары, бастауыш партия ұйымдары туралы материалдар қабылданады.

Конкурс материалдары түрлі жанрда қабылданады: очерк, сұхбат, мақалалар, телевизиялық және радиохабарлар, әлеуметтік зерттеулер мен 2022 жылғы 1 шілде - 2023 жылғы 20 маусым аралығында жарияланған немесе эфирге шыққан басқа да материалдар, сондай-ақ жарияланымдар циклдары мен хабарлар.

11. Жарияланымдар  түпнұсқа  немесе материалдың ксерокөшірмесі түрінде (басылым атауы, күні мен автордың толық байланыс мәліметтері көрсетіліп) ұсынылуы тиіс.

Аудиовизуалдық жұмыстар телевизиялық бағдарламалардың көшірмесі түрінде эфир анықтамаларымен бірге (cd/dvd дискілер, flash-таратушыларда) ұсынылуы тиіс.

Электрондық БАҚ журналистері интернет-сайтта орналастырылғанын растап, жарияланған материалдарының көшірмесін жолдауы қажет.

Материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады.

Ұсынылған материалдарға міндетті түрде: журналист туралы қысқаша өмірбаяндық ақпарат, журналистің 3x4 см. фотосуреті, ақпараттық материалдардың тізімі қоса берілуі тиіс.

12. Бір журналист 5 материалдан артық ұсына алмайды. 

13. Материал қабылдау 22.05.2023 басталады. Конкурсқа материалдарды қабылдаудың соңғы күні – 2023  жылғы 19 маусым, Астана қаласының уақыты бойынша 18.00 дейін (алу күні).

Жұмыстар Ұйымдастыру комитетіне хабарламада мерзімі көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей ұсынылуы тиіс. Конкурс тақырыбына, ұсынылған талаптарға сәйкес келмейтін, сондай-ақ, мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен материалдар конкурсқа жіберілмейді. Конкурсқа ұсынылған материалдар қайтарылмайды.

Конкурсты өткізу кезеңдері

14. Алдыңғы кезең.

Республикалық және жергілікті БАҚ-та конкурс өткізу және оған қатысу талаптары туралы хабарландыру жарияланады.

15. Конкурсты өткізудің негізгі кезеңі.

Конкурстық материалдар конкурстың Ұйымдастыру комитетіне 2023 жылдың 19 маусымын қоса алғанға дейін жіберіледі. Конкурстық өтініштерді қарау регламентін Конкурстық комиссия анықтайды. Конкурстық комиссия өз жұмысының қорытындысы бойынша конкурс лауреаттарын айқындайды. 

16. Қорытындыларды шығару.

Ұсынылған жұмыстар келесі 10 конкурстық номинацияға сай болуы қажет. Жеңімпаздар осы тақырыптық номинациялар бойынша анықталады.

Тақырыбы бойынша номинациялар:

1. «Еліміздегі реформалар туралы үздік материал»

2. «Еңбек адамы туралы үздік материал»

3. «Аймақ туралы ең үздік материал»

4. «Рухани-мәдени даму туралы үздік материал»

5. «Жастар туралы үздік материал»

6. «Алаш қозғалысы туралы үздік материал»

7. «Азаматтық борыш туралы үздік материал»  

Арнайы сыйлықтар:

8. Мағжан Жұмабаев  атындағы «Сөз зергері» сыйлығы 

9. Шерхан Мұртаза және Камал Смайылов атындағы «Телевизия үздігі» сыйлығы 

10. «Белсенді азаматтық ұстанымы үшін» сыйлығы 

17. Осы Ереженің 17-тармағында көрсетілген әр номинация бойынша жеңімпаз жеке табыс салығын есепке алмағанда 1 (бір) миллион теңге мөлшерінде «AMANAT МЕДИА СЫЙЛЫҒЫ» сыйлығымен марапатталады.

4. Конкурстық материалдарды бағалау мен іріктеу рәсімі

18. Конкурс материалдарын бағалау кезінде келесі критерийлер: белгіленген тақырыпқа сәйкестігі, жаңалығы, талдау тереңдігі және мәселені ашу дәйектілігі, нақтылығы және логикалық негізділігі, стилі, баяндау тілі, техникалық сапасы, авторлық тұжырымдаманың дербестігі, жарияланымда және аудиовизуалды жұмыста жазылған ақпараттың нақтылығы мен дұрыстығы, журналистиканың этикалық принциптеріне сәйкестігі, сыртқы безендірілуі назарға алынады.

5. Ұйымдастыру комитеті

19. Ұйымдастыру комитетінің:

  • конкурс туралы осы Ереженің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, үміткер құжаттарын қабылдаудан бас тартуға;
  • Конкурстық комиссия мүшелерінің белгілі бір үміткерге қатысты өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны анықталған кезеңде конкурс нәтижелерін жоюға құқығы бар.

20. Ұйымдастыру комитетінің келесі міндеттері бар:

  • барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасау;
  • конкурсты өткізудің жариялылығын қамтамасыз ету;
  • конкурс нәтижелері туралы мәліметтердің мерзімінен бұрын жариялануына жол бермеу.

Конкурстық комиссия

 21. Конкурстық комиссияның:

  •  конкурсқа келіп түскен материалдарды бағалауға;
  • жеңімпаздарды марапаттару арқылы конкурстың қорытындысын шығаруға құқығы бар.

22. Конкурстық комиссия:

  • барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасауға;
  • конкурс нәтижелері туралы мәліметтердің мерзімінен бұрын жариялануына жол бермеуге міндетті.

Конкурстық комиссия мүшелерінің конкурсқа қатысуына жол берілмейді.

23. Конкурстық комиссияның отырысы, егер оған оның мүшелерінің кемінде үштен екі бөлігі қатысса, заңды болып табылады.

24. Конкурстық комиссия отырысқа қатысып отырған оның мүшелерінің көпшілік дауысымен тиісті шешім қабылдайды.

25. Конкурстық комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

Конкурстық комиссия мүшелерінің дауыс беруі кезінде дауыстар тең болған жағдайда, Конкурстық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

Қатысушылардың құқықтары мен міндеттері

26. Конкурсқа қатысушылардың:

  • конкурсты өткізу шарттары мен тәртібі туралы ақпарат алуға;
  • Ұйымдастыру комитетіне осы Ереженің тармақтарын түсіндіру үшін жүгінуге;
  • конкурсқа қатысу үшін материалдарды жіберуге құқығы бар.

27. Конкурс қатысушылары:

  • Конкурс тақырыбымен алдын-ала танысуға, конкурсқа қатысуға қойылатын талаптарды зерделеуге;
  • осы Ереженің талаптарына сәйкес ресімделген материалдарды уақтылы ұсынуға;
  • осы Ережеде көзделген шарттар мен рәсімдерді сақтауға міндетті.

28. Конкурсқа қатысушылар конкурсқа қатысудан шеттетілуі мүмкін:

  • материалдарда көрсетілген ақпараттың дәйектілік талаптарын бұзғаны үшін;
  • осы Ережемен бекітілген талаптар, ережелер мен рәсімдерді сақтамағаны үшін жауапкершілік алады.

Медиа-ресурстар

Конкурсты ақпараттық сүйемелдеуді партияның медиа-ресурстары, ақпараттық серіктестер қамтамасыз етеді. 

Ұйымдастырушы туралы байланыс ақпараты

Материалдарды конкурстың Ұйымдастыру комитеті, Астана қ., 010000, «AMANAT» партиясының Орталық аппараты, Қонаев көшесі, 12/1, № 708 бөлмесіне немесе media_premiya@amanatpartiasy.kz  электронды мекенжайына жолдау қажет: 8-7172-916-005,  8-7172-916-029 нөмірі бойынша хабарласыңыз.

Серіктес жаңалықтары