$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.05.2023, 13:02
Қоғам

Италия премьер-министрі Джорджио Мелони Астанаға келмейтін болды

Италия премьер-министрінің Астанаға бұрын жарияланған жұмыс сапары болмайды

Италия премьер-министрі Джорджио Мелони Астанаға келмейтін болды

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«Эмилия-Романья аймағында болған жойқын су тасқыны салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони табиғат апатынан зардап шеккен өңірлерге бару үшін Хиросимада өтіп жатқан G7 саммитіне соңына дейін қатыспай, еліне қайтып барады.

Келіп түскен мәлімет бойынша Италияның солтүстігінде кем дегенде 40-тан астам елді мекен су астында қалып, 20 мыңнан астам адам баспанасынан айырылды.

Осы себепке байланысты Италия Үкіметі басшысының Астанаға алдын жоспарланған жұмыс сапары болмайды», - деп жазды Желдібай.

Серіктес жаңалықтары