Оралда алаяқтық жасады деп айыпталған блогердің соты өтіп жатыр

Azattyq Rýhy

Аслан Өтепов алаяқтық жасады және пара беруге итермеледі деген күдікке іліккен болатын

Оралда алаяқтық жасады деп айыпталған блогердің соты өтіп жатыр

Өтепов түрме камерасында 3 күндік аштық жариялағаны туралы бейне хабарлама жазды деп хабарлайды Azattyq Ruhy Выход к правде телеграмм каналына сілтеме жасап.

Блогер өз мәлімдемесінде бірқатар құқық қорғау органдары қызметкерін кінәлі деп санауды сұрады. Бейне хабарламаны «Орал апталығы» жариялады.
Қорғаушы тарап азаматтық белсендіге қарсы қылмыстық істің астарында трамадолды заңсыз сатуға қарсы күресіне байланыстырып отыр. 

Естеріңізге сала кетейік, Аслан Өтепов алаяқтық жасады және пара беруге итермеледі деп айыпталуда. Сотта ол оны бас бостандығынан айырмауды өтінген. Өйткені ол балалар үйінің тәрбиеленушісі және үш кәмелетке толмаған бүлдіршінді тәрбиелеп отыр екен

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.