Таиланд үкіметі Қазақстан азаматтарына виза беруді тоқтатты

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл шешім 13 наурыздан 30 қыркүйекке дейін қолданыста болады

Фото: ашық дереккөзден

Сыртқы істер министрлігі Таиландқа баруды жоспарлап отырған Қазақстан азаматтарына қатысты ақпарат жариялады. Қазақстанның Бангкок қаласындағы елшілігінің ақпаратына сәйкес, Таиланд үкіметі коронавирус COVID-19 пандемиясына байланысты 18 елдің, соның ішінде Қазақстан азаматтарына ел аумағына виза беруді (Visa on Arrival) тоқтатқан.

«Таиландқа бару үшін Қазақстан азаматтары шет елдердегі Корольдіктің дипломатиялық өкілдіктерінің бірінде кіру визасын рәсімдеуі қажет. Тай тарапының бұл шешімі 2020 жылғы 13 наурыздан 30 қыркүйекке дейін қолданыста болады және коронавирустың таралу деңгейі төмендегеннен кейін қайта қаралатын болады», - делінген СІМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.