Алғаш ауырған адам – 55 жастағы тұрғын болған
Қытайда коронавиурс жұқтырудың алғашқы оқиғасы желтоқсан айында емес, 17 қараша күні тіркелгені белгілі болды, деп жазады РИА Новости агенттігі South China Morning Post басылымына сілтеме жасап.
Басылымның хабарлауынша, алғаш ауырған адам – коронавирустың ошағы саналған Хубэй провинциясының 55 жастағы тұрғыны болған екен.
Провинцияда қараша айында коронавирусты тоғыз адам жұқтырған, алайда олардың ешқайсысы нөлдік пациент, яғни эпидемияның таралу көзіне айналған алғашқы ауру жұқтырушы екені нақтыланбаған.
Бүгінде әлемнің 100 елінде корнавирус жұқтырғандар саны 120 мың адамнан асып кетті, олардың басым көпшілігі сауығып кетсе, 4 мыңнан астамы көз жұмды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 11 наурыз күні коронавирустың таралуын пандемия деп жариялады.