12.05.2023, 17:15
Қоғам
Нұрлан имам Астанадағы мешітке бас имам болып тағайындалды
Танымал имам Нұрлан Байжігітұлы қызмет бабымен Алматыдан Астанаға көшті

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев
Әлеуметтік желіде сұрақтарға берген шыншыл жауаптарымен танылған Нұрлан имам бұл жаңалық туралы Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Алланың қалауымен, елдің ақ тілегімен бүгін Астанамыздағы «Алланың гүлі» аталып кеткен Ырыскелді қажы атындағы мешітке бас имам боп тағайындалдым. Бұл мен үшін қуанышты жаңалық. Енді Астана жұртшылығымен және қала қонақтарымен осы мешітте жүздесеміз. Еліміз тыныш, жұртымыз аман, бірлігіміз берік, руханиятымыз тұғырлы болсын», - деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан Байжігітұлы Алматы облысындағы «Зәм-зәм» мешітінің бас имамы болды. Нұрлан қажы Асанов 1979 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
26.08.2025, 12:50
Qaitadan көркем фильмі 4 қыркүйекте көрерменге жол тартады
26.08.2025, 09:50
Экс-әйелі педофил деп айыптаған блогер Қайрат Нұртастың қызымен бірге көзге түсті (ВИДЕО)
26.08.2025, 06:43
Алматы полициясы әуежайда жолаушы не себепті өзін өртегенін айтты
26.08.2025, 15:57
Мейрамханада тапсырыс берген дөнердің арасынан адам саусағы шықты
Редактордың таңдауы
26.08.2025, 13:50
Астанада бес бала адасып кеткен: бұған Ұлттық ұланның қандай қатысы бар