Нұр-Сұлтанда Наурыз мейрамына арналған жиын-той өтпейді

Автор: Azattyq Rýhy

18 наурызға белгіленген үлкен той болмайды 

Бүгінгі таңда коронавирустың әлемдік пандемия болып жариялануына және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы алдын алу шараларын іске асыру туралы мәлімдемесіне байланысты елордада барлық бұқаралық іс-шаралар өткізілмейді, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.  

«18 наурызға жоспарланған «Қазақ Елі» монументі алаңында, қалалық алаңда, «Жазушылар» аллеясында, «Астана» концерт залындағы шаралар да өткізілмейді. Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық-драма театры, М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс театры мен Қуыршақтар театрында да спектакльдердің қойылымы болмайды»,- делінген баспасөз хатшысының жазбасында.

Сонымен қатар, базар, сауда-ойын-сауық орталығы, сауда үйі сынды нысандардың ішінде және аумағында іс-шаралар өткізбеу ұсынылады.