12.03.2020, 16:22
Қоғам
Наурыз мейрамында қосымша пойыздар жүреді
Ақтөбе – Бейнеу бағытында қатынайтын пойыз рейсі 5-ке дейін артты

Фото: sputniknews.kz
Қазақстан қалалары арасында, облыс аумағында және Алматы мен Новосибирск арасында Наурыз мейрамында қосымша пойыздар қатынайды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
- №207/208 Алматы-2 – Шымкент бағытындағы пойызға Алматы-2 стансасынан 19, 23, 26 наурызда, Шымкенттен 20, 24, 27 наурызда жөнелтілетін 3 рейс;
- №209/210 Алматы-2 – Түркістан бағытындағы пойызға Алматы-2 стансасынан 24 наурызда, Түркістаннан 25 наурызда жөнелтілетін 1 рейс;
- №241/242 Қызылорда – Атырау бағытындағы пойызға Қызылорда стансасынан 20, 24, 28 наурызда, Атыраудан 21, 25, 29 наурызда жөнелтілетін 3 рейс;
- №215/216 Ақтөбе – Бейнеу бағытындағы пойызға Ақтөбе стансасынан 20, 22, 24, 26, 28 наурызда, Бейнеуден 21, 23, 25, 27, 29 наурызда жөнелтілетін 5 рейс;
- №6803/6804 Нұр-Сұлтан – Атбасар бағытындағы пойызға Нұр-Сұлтан-1 стансасынан 24, 25 наурызда, Атбасардан 24, 25 наурызда жөнелтілетін 2 рейс;
- №7502/7501 Нұр-Сұлтан – Павлодар бағытындағы пойызға Нұр-Сұлтан-1 стансасынан 21 наурызда, Павлодардан 22 наурызда жөнелтілетін 1 рейс;
- №7510/7509 Нұр-Сұлтан – Павлодар бағытындағы пойызға Нұр-Сұлтан-1 стансасынан 20, 23, 25 наурызда, Павлодардан 20, 24, 25 наурызда жөнелтілетін 3 рейс.
Сондай-ақ:
- №702/701 Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол – Алматы-2 бағытындағы пойызға Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол стансасынан ағымдағы жылғы 20 наурызда, Алматы-2 стансасынан 21 наурызда жөнелтілетін 1 қосымша рейс;
- №301/302 Алматы-2 – Новосибирск бағытындағы пойызға Алматы-2 стансасынан 2 сәуірде, Новосибирскіден 4 сәуірде жөнелтілетін қосымша рейс іске қосылады.
Сондай-ақ. 1 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан – Атырау бағытындағы жаңа пойыз «Тұлпар-Тальго» вагондарымен күнара (тақ күндері) «Нұрлы жол» стансасынан тақ күндері жөнелтіледі.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
18.05.2025, 07:41
«Евровидение-2025» ән байқауында күтпеген жағдай болды (ВИДЕО)
18.05.2025, 22:44
Теміртауда ер мен әйел жұрттың көзінше жыныстық қатынасқа түсті (ВИДЕО)
18.05.2025, 21:55
Журналист құдалықта тым ерсі әдет пайда болғанын айтты
18.05.2025, 11:52
Айқын мен Жұлдыздың ұлы бірінші некеден туған әпкесін құттықтады (ВИДЕО)
18.05.2025, 06:39
Ауылға баратын мамандарға 2 млн теңге жалақы ұсынылды