Алтай Көлгінов Ұлы Отан соғысы ардагерін мерекемен құттықтады

Azattyq Rýhy

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов соғыс ардагерінің үйіне барды

Алтай Көлгінов Ұлы Отан соғысы ардагерін мерекемен құттықтады

«Баршаңызды Жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!», деп жазды Алтай Сейдірұлы әлеуметтік желідегі парақшасына.

«Бұл, ең алдымен, фашизммен қиян-кескі ұрыста жеңісті жақындатқан батыр ардагерлеріміздің мейрамы.
Осы мерекемен құттықтай барғанымда Ұлы Отан соғысының ардагері 98 жастағы Жақан Сейсебаев ақсақал «Елдің іші даудан, сырты жаудан аман болсын!» деп батасын берді», деп жазған.

Жақан Сейсебаев 1943 жылдың 1-қаңтарында соғысқа аттанған. Кенисбергке дейін соғысып сол қаланы алуда ерлік көрсеткен. Екінші дүниежүзілік соғыс толық аяқталғанша әскер қатарында болған батыр ақсақал Жапон соғысы арқылы Қазақстанға 1948 жылдың сәуір айында ғана оралған.
 

«Бүгінде әулетінің мәуелі бәйтерегі болып отырған майдангерге ұзақ жасап, ұрпақ қызығына кенеле беріңіз дегіміз келеді», деп  сөзін сабақтады.  

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.