Медеудегі өртті сөндіру кезінде ТЖД бір қызметкері қаза тапты

Azattyq Rýhy

ТЖМ қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеді

Медеудегі өртті сөндіру кезінде ТЖД бір қызметкері қаза тапты

8 мамырда қызметтік борышын атқару кезінде Құрманбеков Арслан Жолдасбекұлы қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Алматы қаласындағы Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында тау баурайында өртті сөндіру бойынша жедел топтың құрамында болып, жанып жатқан ағаш діңінің құлауынан алған жарақаттардың салдарынан Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкері, 7-ӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты Құрманбеков Арслан Жолдасбекұлы қаза тапты.

Құрманбеков Арслан 1994 жылы 23 тамызда Алматы облысында дүниеге келген. Азаматтық қорғау органдарында 2015 жылғы 14 желтоқсаннан бастап жұмыс істеп келді.

Төтенше жағдайлар министрлігі Арслан Жолдасбекұлының туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Өз ісінің маманы ретінде ол туралы жақсы естеліктер біздің жүрегімізде мәңгі қалады.

Арслан жауапты қызметкер, кәсіби күрескер және білікті маман болды. Жұмыста ол еңбекқорлығы, әділдігі және мамандыққа деген сүйіспеншілігі үшін бағаланды.

ТЖМ қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.