08.05.2023, 10:10
Қоғам
Ақтауда яхта суға батып кетті
Видеоны әлеуметтік желі қолданшылары жүктеді
Ақтау қаласындағы теңіз жағалауында яхта суға батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Lada.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Су көлігінің батып бара жатқанын куәгерлер видеоға түсіріп алған. Олардың айтуынша, шағын яхта 1-ықшам аудандағы «Бриз» клубының айлағында батқан.
«Яхта батып барады. Иесі үшін бұл ауыр қайғы ғой», - дейді видео авторы.
Қайықтарды жалға беретін компания келеңсіз оқиғаның болғанын растады.
«Яхта судан шығарылды. Зардап шеккендер жоқ», - деді компаниядан.
Көп оқылған
25.08.2026, 18:17
Ақмолалық ер адам өзінен 17 жас кіші бойжеткеннің үйіне түнде кіріп, суретке түсірген
25.08.2026, 19:10
БҚО-да әйел адам сүйіктісінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді
25.08.2026, 22:16
Тісін, қабырғасын сындырған: БҚО-дағы тойда «тентек кәде» дәстүрі төбелеспен аяқталды