«Елтаңбаны аулаға тастай салған»: Жетісу облысында лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Жауапты тұлғалардың әрекеті әкімшілік заңнамада көзделген құқық бұзушылық деп танылған
Жетісу облысының соты Елтаңбаны ауласына тастағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл видео желіге жарияланып, полиция бірден шара қолданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желіге жарияланған видеода Елтаңба макеті Жетісу облыстық сотының ғимараты аумағында жерде жатқанын анық көруге болады.
«Жетісу облыстық полиция Талдықорған қаласындағы облыстық сот ғимаратының жанынан тасталған күйінде табылған Елтаңбаның макеті бейнеленген видеоны зерттеді. Жауапты тұлғалардың әрекеті әкімшілік заңнамада көзделген құқық бұзушылық деп танылғанын хабарлаймыз. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 418-бабының 1-1-бөлігіне сәйкес облыстық сот әкімшілігінің Инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы жауапкершілікке тартылды»,- делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.