Судандағы гуманитарлық бітім тағы 3 күнге созылды
Халықаралық делдалдардың күшімен қарсылас әскери құрылымдар атысты тоқтату режимін ұзартатынын жариялады

Бұған дейін ол ішінара ғана сақталған еді. Судандағы қақтығыстан жүздеген адам қаза болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Еuronews-ке сілтеме жасап.
Судан армиясы мен «Жедел қолдау күштері» (RSF) әскерилендірілген құрылымы бейсенбіде түн ортасында аяқталатын атысты тоқтату режимін тағы 72 сағатқа ұзартуға келісті.
Бұған Судан – АҚШ, Сауд Арабиясы, Ұлыбритания және Біріккен Араб Әмірліктері, сондай-ақ БҰҰ және Африка аймақтық ұйымдары бойынша «квартет» өкілдерімен жүргізілген келіссөздер әсер етті. Делдалдар ұзағырақ бітім орнату үшін «тараптардың диалогке дайындығын» құптайды, сондай-ақ мұқтаж жандарға көмек көрсету үшін «кедергісіз гуманитарлық қол жетімділікті» қамтамасыз етуге шақырады.
Хартумдағы аудандарда атыс жалғасып жатқаны, Чадпен шектесетін Дарфур өңірінде эскалация туралы хабарланды.
Таяуда Египет СІМ қақтығыс басталғалы республиканың 14 мың судандықты қабылдағанын мәлімдеді.