Астана бойынша Отан қорғаушы және Жеңіс күніне орай 3800 адам біржолғы төлем алады
7 мамыр Отан қорғаушы және 9 мамыр жеңіс күніне орай Екінші дүниежүзілік соғысы ардагерлеріне теңестірілгендерге төлемақы беріледі
Отан қорғаушы және Жеңіс күніне арналған әлеуметтік төлемдер туралы Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
«7 мамыр күні елордада Отан қорғаушы күні аталып өтеді. Осы орайда әкімдікте қала мәслихаты бекіткен ережеге сәйкес, біржолғы төлемдер қарастырылған. Бұл бағытта қала бойынша 250 млн теңге бөлінді. Бұл ретте, жеңілдіктер бойынша Екінші дүниежүзілік соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге 35 АЕК (120 750 теңге) көлемінде төлем жасалады. Қазіргі кезде қалада осы санаттағы 436 адам бар», - деді Илья Скуб Астана қаласы коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері де 120 мың теңге сомасында біржолғы төлем алады. Астанада осы санаттағы 899 адам адам тұрып жатыр.
«Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңының күші қолданылатын тағы бір санат бар. Осы орайда тыл еңбеккерлері, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары, Екінші дүниежүзілік соғыс мүгедегінің артынан қалған зайыбы 11 АЕК (37 950 теңге) көлемінде біржолғы төлем алады. Қалада бұл санатқа жататын 2316 адам тіркелген. Жалпы алғанда бұл бағытта Астанадағы 3800-ге жуық адам қамтылады», - деді басқарма басшысы.