«Бірнеше жыл бойы күтуге мәжбүр болды»: Жамбыл облысында ауыл тұрғындары ауыз сумен қамтылды

Azattyq Rýhy

Бесағаш ауылындағы 591 үйге су құбыры тартылды

«Бірнеше жыл бойы күтуге мәжбүр болды»: Жамбыл облысында ауыл тұрғындары ауыз сумен қамтылды

Жамбыл облысындағы Бесағаш ауылының тұрғындары бірнеше жылдан бері су үнемдеп келді. Бұған кентте орталықтандырылған су құбырының жоқтығы себеп болды. «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы осы мәселені ескеріп, құбыр тарту жұмысын өз бақылауына алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Партиялықтар мердігердің құбыр тарту кезінде істеген жұмысының барлық кезеңін бақылап отырды. Осы аптада Бесағаштағы әр шаңыраққа су берілді. Сөйтіп, 591 үйде тұрып жатқан 2 мыңға жуық адам таза ауыз сумен қамтылды.

Айта кетейік, партияның Жамбыл облысындағы сайлауалды уәделері аясында 69 ауылдық елді мекен орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіледі. Бұған қоса, тағы 24 ауылда су тазартатын кешенді блок-модульдер орнатылады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.