$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.04.2023, 20:40
Қоғам

Тәжікстан президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Екіжақты кездесу барысында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы қатынастардың қазіргі жай-күйі мен одан әрі даму перспективалары да қаралады

Тәжікстан президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

2023 жылғы 25 сәуірде Астанада Қазақстан мен Тәжікстан сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде саяси консультациялар өтеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазақстан жағынан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев, тәжік жағын Сыртқы істер министрінің орынбасары Содик Имоми басқарады. Саяси консультациялардың басты тақырыбы Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның Қазақстанға алдағы мемлекеттік сапарына дайындық мәселелерін талқылау болмақ», - деді А. Смадияров елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Серіктес жаңалықтары