Петропавлды қолқаны қабатын сасық иіс жайлады

Azattyq Rýhy

Жыл сайын болатын құбылыс биыл да қайталанып отыр

Петропавлды қолқаны қабатын сасық иіс жайлады

Қала тұрғындары емін-еркін далаға шыға алмай қалғандарын айтып шағымданды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. Жағымсыз иістің бәрі қала маңындағы биотоғаннан тарап жатыр. 12 миллион текше метр қойма 70 жылдан астам уақыт бұрын қолданысқа енгізілген еді. Оған күніне шамамен 40 мың текше метрге дейін кәріз суы құйылады. Мамандардың айтуынша кәріз суы арқылы құйылатын қалдықтар тоғанның астында 4,5 метрге дейін жиналып, тоң болып түзілген.

«Биотоғанға қыс бойы 7,5 млн тонна кәріз суы құйылды. Мұз еріп, беті ашылғасын оның исі бірден айналаға тарады. Одан ешқайда қашып кете алмаймыз. Қыста ешқандай микроогранизм тірлішік етпейді. Сондықтан «хлорелла» да қатып жатты. Ол күн жылыда іске кіріседі. Бірден нәтиже күту дұрыс емес. Биотоған 1953-ші жылы ашылды. Жылдар бойы жиналған қалдықты бір жылда тазалап шығу мүмкін еместігін бәрі түснуі тиіс. Жұмыс жүріп жатыр. Оған белгілі бір уақыт керек. Қала тұрғындарына сабр сақтауға кеңес беремін», - дейді «Су ғылыми-технологиялық орталығы» серіктестігінің директоры Александр Рейбанд.

Қаланың барлық аудандарының тұрғындары жағымсыз иіс қолайсыздық тудырғанын айтып, әлеуметтік желілерде шағымдануда.

«Не далаға емін-еркін шыға алмай, не терезе аша алмай қалдық. Үй ыстық. Қалаға жылу беру әлі тоқтатылған жоқ. Әсіресе балаларға қиын болып тұр. Кейбіреуінің ағзасы мұндай иіске аллергиялық рекция береді. Талай адамның денсаулығына зиын болып жатқаны анық. Қала билігі мәселені тезарада шешу жолын қарастыру керек деп ойлаймын. Өйткені мұндай проблема бірінші рет болып отырған жоқ», - дейді қала тұрғыны Архат Орынбеков.

Биотоған – қала тұрғындарын тіршілік нәрімен қамтаасыз етіп отырған «Қызылжар су» мекемесінің қарамағында. Жобаны жүзеге асыруға 125 млн теңге бөлінген болатын. Оның нәтиже беретініне ешқандай кепіл жоқ.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.