18 жастағы жігіт АҚШ елшілігінің алдында өзін өртеп жіберді

Автор: Azattyq Rýhy

18 жастағы даниялық азамат Копенгагендегі АҚШ елшілігінің алдында өзін өртеп жіберді

18 жастағы даниялық азамат Копенгагендегі АҚШ елшілігінің алдында өзін өртеп жіберді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Reuters сілтеме жасап.

Өрт сөндіріліп, зардап шеккен жігітке медициналық көмек көрсету үшін дереу ауруханаға жеткізілген.

Жедел жәрдем келген кезде жәбірленуші есін біліп жатты. Полиция оның өміріне қауіп төніп тұрмағанын жеткізді.

Полиция жас жігіттің мұндай қадамға неге барғанын айтып беріп алмады. Сондай-ақ, Дания полициясы белсендіге қатысты жеке мәліметтерді жария етпеді.