$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жаңаөзендегі жарылыс куәгері: «Ағам жарылыс болуы мүмкін екенін ескерткен еді»

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Жаңаөзен қаласындағы газ жарылысына қатысты журналистерге пікір білдірді

Жаңаөзендегі жарылыс куәгері: «Ағам жарылыс болуы мүмкін екенін ескерткен еді»

Маңғыстау облысының әкімі Жаңаөзен қаласындағы тұрғын үйде болған жарылыстың бір нұсқасын айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Әкімнің айтуынша, оқиға куәгерінің аты – Нұрлан және оның ағасы қазір жарылыстан зардап шегіп, жансақтау бөлімінде жатыр. Алдын ала болжам бойынша, жансақтау бөлімінде жатқан адам газ құбырының жанынан су құбырын өткізбеу керек деп дабыл қаққан.

«Оқиға орнында болған Нұрлан деген азамат, ол азаматтың ағасы жансақтау бөлімінде жатыр. Оның айтуынша, жарылыс болған жерде, апат болған үйдің қасында газ бөлу қондырғысы тұр. Соның көшеге дейінгі негізгі газ желілеріне жеткізетін жерінің үстінен су құбырын өткізген. Салып жатқанда ағам «бұл дұрыс емес» деп айтты дейді. «Су құбырын өткізгенде газ құбырына қандай да бір зақым келеді, газ шығуы мүмкін, сосын жарылыс болуы мүмкін» дегенді айтқан ағасы. Осы бір нұсқасы бар. Қазір құрылған комиссия осы және өзге нұсқалардың бәрін тексеріп, анықтайды. Газ қызметінің әріптесі осы мәселені шешеді. Содан кейін ғана ресми жауап береміз. Жаңағы айтқан нұсқа да күн тәртібінен түспейді», - деді Ноғаев.

Серіктес жаңалықтары