Бензин бағасын нарық реттейді – Нұрлан Ноғаев

Автор: Azattyq Rýhy

Энергетика министрі бензин бағасына қатысты сұрақтарға нақты жауап берген жоқ

Фото: ашық дерек көзінен

ҚР Энергетика министрлігінің басшысы Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, «бағаны бұрынғыдай нарық реттейді».

«Бензин бағасы еркін айналымда, нарықтық шарттар (бағаны - авт.) өзі реттейді. Сондықтан Қазақстан өзінің мұнай өндірісін қысқарта ма, әлде ұлғайта ма деген сұраққа қатысты айтар болсам, біз нақты жоспарымызды құрып қойдық», - деген Ноғаевтан журналистер ол жоспарды тарқатып айтып беруін сұрады.

Дегенмен, Энергетика министрінің айтуынша, Қазақстан мұнай өндірісін жоспарлы шектен төмендетпейді.

«Қазіргі таңда біздің жоспарды азайтатын ниетіміз жоқ. Бензин бағасы қазір тұрақты. Болжам (арзандайды, қымбаттайды - авт) жоқ. Бензиннің бағасы бірнеше жылдан бері еркін нарықта жүр. Ұсыныс пен сұраныстың нәтижесінде реттеліп келе жатыр. Нарыққа қажетті жанар-жағармай қоры жеткілікті.  Мұнай өңдеу зауыттарының барлығы штатты режимде жұмыс істеп тұр», - деді Ноғаев.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан