$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.03.2020, 10:59
Қоғам

97 адам қайтыс болды: Италия үкіметі елді карантинге жабады

Карантин 3 сәуірге дейін жалғасады 

97 адам қайтыс болды: Италия үкіметі елді карантинге жабады

Коронавирустың таралуына байланысты жаңадан қабылданған төтенше шаралар туралы Италия премьер-министрі Джузеппе Конте дүйсенбі күні мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Euronews.

Бұдан былай барлық азаматтар өз үйлерінен ешқайда шықпауы тиіс, сондай-ақ, бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады, ал оқу орындары түгелдей жабылды.

«Ең дұрыс шешім - үйде отыру. Италияның болашағы - біздің қолымызда. Біз бұған дейін тек Ломбардия мен кейбір провинцияларда қабылданған сақтық шараларын енді елдің бүкіл аумағына қолдану туралы шешімге келдік», - деп атап өтті Италия премьер-министрі Джузеппе Конте.

Бүгінде елдегі мұражайлар, кітапханалар, бассейндер мен барлар түгелдей жабық. Жаңа шектеулер 10 наурызда күшіне енеді және 3 сәуірге дейін жалғасады.

Айта кетсек, тек соңғы тәулікте Италияда коронавирустан 97 адам қайтыс болды. Аталмыш вирустан көз жұмғандардың жалпы саны 463 адамға жетіп отыр. Ал ауру жұқтырғандар саны 9 мыңнан асып кетті. Бүгінде қауіпті індеттің тарлауы жағынан бұл ел әлемде Қытайдан кейін екінші орында тұр. Өлім деңгейі бойынша, шамамен 5%, бірінші орынға шығып отыр.

Серіктес жаңалықтары