Бұған дейін кәсіпкерді 7 жылға бас бостандығынан айырған
Қазақстанның Жоғарғы соты кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаровтың үкімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Жоғарғы сот Алмас Әбдіғаппаровтың ісі бойынша шығарылған сот актілерін үкімін өзгеріссіз қалдырды», - деп хабарлады ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметі.
3 наурызда кәсіпкердің адвокаты Сәуле Қобжанова Бас прокуратура Алмас Әбдіғаппаровтың ісі бойынша Жоғарғы Сотқа кассациялық наразылық бергенін айтты.
Еске салсақ, 2022 жылы 5 шілдеде Parmigiano Group компаниясының директоры 2022 жылы 5 шілдеде кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаров 1 миллион доллар жымқырды деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Кәсіпкердің қамауға алынғаны 2021 жылдың шілдесінде белгілі болды. «AV Construction» ЖШС директорының арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды, ол элиталық вилланың сатылуына байланысты болды.
2022 жылдың 24 тамызында кәсіпкерге қатысты үкім өзгермегені белгілі болды.