$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Өзін-өзі басқару органы: жергілікті кеңестер қандай қызмет атқарады

Ол 4 жыл мерзімге құрылмақ

Өзін-өзі басқару органы: жергілікті кеңестер қандай қызмет атқарады
Фото ашық дереккөзден

Мәжілісте «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Заң жобасын Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков таныстырды.

2022 жылғы 30 желтоқсанда Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілген.

Вице-министр заңның негізгі жаңалықтары туралы сөз қозғады.

«Заң жобасында жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі органдары, олардың міндеттері мен өкілеттіктері, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бөлігінде мемлекеттік басқару органдарының құзыреті айқындалған. Ауылдық округтер деңгейінде азаматтардың ашық дауыс беруі арқылы 4 жыл мерзімге жергілікті өзін-өзі басқару органы – кеңес құру ұсынылады. Кеңестің өз аппараты болуы міндетті емес. Оның қызметін әкім аппараты қамтамасыз етеді», - деп түсіндірді Ұлттық экономика вице-министрі.

Кеңес төрағасы кеңес мүшелері арасынан ашық дауыс беру арқылы сайлануы және осы лауазымда тұрақты, яғни ауыл бюджеті есебінен төлеу ұсынылады.

«Жергілікті өзін-өзі басқару институтының тиімділігін арттыру үшін жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен ауыл әкімдерінің дербестігін кеңейту талап етіледі», - деп айтты вице-министр Мәжілісте.

Кеңестің қандай функциялары болады:

  • Бюджетті бекіту жөніндегі өкілеттіктер.
  • Бюджетті бекіту құқығы кеңестің атынан тікелей тұрғындарға беріледі. Аудан ауылдарға барлық болжамды параметрлерді, лимиттер мен трансферттер көлемін жеткізеді.
  • Кеңес өзге де құжаттарды, оның ішінде жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларын, абаттандандыру ережелерін, әкім аппараты азаматтарға көрсете алатын ақылы қызметтер тізбесін, көше саудасы, мерекелік іс-шаралар өткізу орындарын бекітеді.
  • Кеңес жергілікті маңызы бар жалпы мәселелер бойынша басқа елді-мекендермен ынтымақтастық туралы келісімдер жасау мүмкіндігіне ие болады.
  • Кеңес мәслихат алдында әкімді қызметінен босату туралы бастама жасау құқығына ие болады.

Заң жобасында мәслихаттардың өкілеттіктерін кеңейту де көзделген. Атап айтқанда, бұл әкімдіктің бюджеттік комиссияларының жұмысына қатысу; қажет болған жағдайда бюджетті нақтылауға бастамашылық жасау; әкімдіктердің әкімнің халықпен есептік кездесуінде көтерілген проблемаларды шешуіне мониторинг жүргізу.

Серіктес жаңалықтары