$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Анамның отасына ақша жинаймын деп кеткен еді» – Оңтүстік Кореяда ұсталған жігіттің әпкесі

Әпкесінің айтуынша, оған құжатты әзірлеп берген

Оңтүстік Кореяға заңсыз барып ұсталған екі азаматтың туған әпкелері отандық телеарнаның бағдарламасында сұхбат берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Qazaqstan Ұлттық арнасының «1001 түн» бағдарламасына сілтеме жасап.

Ұсталған азаматтардың бірі Үмітжан Нарзуллаевтың туған әпкелері Умида Ибрагимова мен Наргиза Нарзуллаева Түркістаннан арнайы келген.

«Інімнің шетелге кететінін білдік. Әкем мүгедектігі бар жан, ал анам ауыратын еді. Анамның операциясына ақша қажет болды. Саят деген жігіт құжат дайындап берді. Кореяға барып, ақша тауып келуге 2-3 айға кетіп баратын болды. Саят деген жігіт құжатын дайындап берді. Үйден әкемнің батасын алып шықты. Осылайша, Өзбекстаннан Кореяға ұшып кетті. Сәл уақыт өткен соң өзі хабарласты. «Өте алмадым» деп қатты жылады. Әкем «қайта бер» деді. Бірақ ол «Менен басқа кімге үміт артасыздар? Анама опепрация жасау керек қой» деді. Сонымен телефонды өшірді. Кейін ол хабарласпады. Біз жертөлеге түскен шығар, онда желі ұстамайды деп ойладық», - дейді Умида Ибрагимова.

Ол атағандай, әлеуметтік желіде «Корея көмек» атты Самат деген блогердің  парақшасы бар.

«Сол парақшаның иесі Нұрсұлтан мен Үмітжанның жақындары хабарлассын деп жазып қойыпты. Інімнің барған датасын жазып қойған. Мен «Не болды?» деп сұрап едім, олардың шекараны асып, қашып кеткенін айтты. Ініме хабарласа алмадым. Самат бізге хабарласып «24 сағат ішінде ұсталса, елге шығарып саламын, сотталмайды» деді. Мен ініме қайта-қайта қоңырау шалдым. Кейін ол өзі хабарласты. «Сен қаштың ба?» деп сұрағанда қатты жылап жіберді. «Өзім де білмей қалдым, енді не істеймін?» деп жылады. Мен Самат деген блогерге бар. Ол саған көмектеседі дедім. Саматқа айтып, інімді кездестірдім.

Кездескен кезде Самат інімді қолына кісен салып, алып кетіп бара жатқан суретті салады. Мен Саматқа «Неге өтірік ақпарат бересің, ол өзі берілді ғой» дедім. Менде барлық жазба бар. Самат солай керек болды деп айтты. Самат кейін өзі хабарласып, інім изоляторда анасынан кешірім сұрап жатқанын айтты. Ол «1 млн 300 мың теңге тапсаңыздар, балаңыз сотталмайды» деді», - дейді әпкесі.

Ибрагимова ол ақшаны таба алмайтынын айтып, 500 мың теңгеге келіскенін айтты.

«Содан кейін баладан хабар жоқ. 24 сағат өткен соң салып жіберемін деген Самат «үш күн өткен соң» деді. Ол уақытты да күттік. Содан бері хабарласпады. Әлеуметтік желіге шыққан соң ол 500 мың теңгені қайтарып берді. Самат алғашқыда елшіліктен хабарласып тұрмын деді. Олай емес екен. Біз қазір Саматты даттап емес, жалғыз ұлдың үйіне қайтқанын қалаймыз», - деді ол.

Ибрагимова алаяқтар да көп хабарласқанын айтады.

«Кореядағы қазақтар сізге ақша жіберіпті деді. Бірақ мен ешқандай жиналған ақша алған жоқпын. Інім Кореяға заңсыз жұмыс істеуге бара жатқанын білмеді. Құжат дайындап берді, оған қанша қаражат бергенін білмеймін. Түркістан халқының 50 пайызы Кореяда жұмыс істейді. Соған қатты қызығатын еді. Біз елшілікпен байланыстық», - деді ол.

Айта кетейік, Корея Республикасына кіруге рұқсат берілмеген Қазақстанның екі азаматы Инчхон халықаралық әуежайынан заңсыз қашып кетеді. Кейінірек олардың бірін жергілікті полиция ұстады, ал екінші азамат үш күннен кейін өз еркімен берілді. Бұл азаматтар 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары