Ақтөбе облысының Байтақ ауылы екі аптадан бері жарықсыз отыр

Azattyq Rýhy

Аудан әкімдігі қалпына келтіру жұмыстарын үш күн ішінде аяқтауға уәде берді

Ақтөбе облысының Байтақ ауылы екі аптадан бері жарықсыз отыр

Ақтөбе облысы Қобда ауданының Байтақ ауылында тұрғындар екі апта бойы жарықсыз отыр. Еріген қардың суы электр беру тіректерін шайып жіберген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Диапазон ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Жергілікті билік электрмен жабдықтауды жедел қалпына келтіретіндерін айтты, алайда берген уәделері әлі орындалған жоқ. Ауыл тұрғындары екі аптадан астам уақыт бойы жарықсыз өмір сүруден шаршағандарын айтып шағымдануда, ал генератордың күші тек ұялы телефондарды қуаттандыруға ғана жеткілікті екен.

Өз кезегінде Қобда ауданының әкімдігі алдағы үші күннің ішінде ауылды жарықпен қамтамасыз ететіндерін мәлімдеді.

«Су тасқынына байланысты сымдар үзіліп, Байтақ ауылын қамтамасыз ететін электр беру желілерінің тіректері құлап қалды. Қазіргі уақытта ағын су кетті, бірақ электрмен жабдықтауды қалпына келтіру үшін жүк тиелген опоровоздар өкінішке қарай, ылғалды топырақта жүре алмайды. Қалпына келтіру жұмыстары үш күн ішінде аяқталады. Қазір Байтақ ауылында уақытша электр генераторлары жұмыс істейді», - деп хабарлады Қобда ауданының әкімдігі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.