ШұғылҚазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

7 наурызда тұмауға шалдыққан 72 адам ауруханаға жеткізілді

ҚХР мен шектес мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда

7 наурыз күні Қазақстанда температура және ӨРВИ-мен барлығы 72 адам  аураханаға жеткізілді.  Оның ішінде 1 б санаты бойынша – 16 адам; 2 санат бойынша – 31 адам; 3 санат бойынша – 25 адам ауруханаға жатқызылды. Ауруханаға жатқызылғандар  ішінен  26 адам қайта шығарылды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

«Мониторингке барлығы 3676 адам алынды, оның ішінде 1 а санаты бойынша – 763, 1 б санаты бойынша – 216, 2 санат  бойынша – 2697 адам»,- делінген министрліктің хабарламасында .

Сондай-ақ, 23 ақпан күні Токиодан Нұр-сұлтан қаласына Қазақстанның 20 азаматымен (оның ішінде 4 адам - "Diamond Princess"жапондық лайнерінің жолаушылары) рейс келді. Барлығы Медициналық және зертханалық тексеру үшін стационарға жеткізілді және ауруханаға жатқызылды. Денсаулықтары қанағаттанарлық.

Оқи отырыңыз:Оңтүстік Кореядан Нұр-Сұлтанға ұшып келген 100-ге жуық адам карантинге жабылды

Денсаулық сақтау министрлігі жаңа коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында келесі алдын алу шараларын ұстану қажет екенін еске салады:

- қолды және бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;

- спирттік антисептиктерді қолданыңыз;

- адамдар көп жиналатын жерден аулақ болу;

- сырқат адамдармен қатынаста болмау;

- суық тию белгілері пайда болған жағдайда (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) тұрғылықты жері бойынша дәрігерге бару қажет.

Ресми ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің Фейсбуктегі парақшасынан оқи аласыз және туындаған сұрақтар бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін Call-орталыққа 1406 нөмірі бойынша қоңырау шалуыңызға болады.

Тегтер: