$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шекара маңындағы аудандардағы тұрғын үй бағасы арзандатылады – ИИДМ

Халықтың шекара маңындағы аумақтардан кетуін азайту мақсатында тұрақты жұмыс орындарын құру да жоспарланған

Шекара маңындағы аудандардағы тұрғын үй бағасы арзандатылады – ИИДМ
Фотоколлаж

Шекара маңындағы аудандардағы тұрғын үй бағасы арзандатылады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы Марат Қарабаев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Шекара маңындағы аумақтардың тұрғындары үшін тұрғын үйді арзандату бойынша «Үкімет шекаралас аудандарда қоныстанғысы келетін азаматтарымыз үшін тұрғын үйді арзандату мәселесін шешудің жаңа тәсілдерін әзірлеуге тиіс» тапсырмасы бар. Халықтың ауылдық және шекара маңындағы аумақтардан кетуін азайту мақсатында бірінші кезекте жаңа өндірістерді іске қосу жолымен тұрақты жұмыс орындарын құру жоспарланып отыр. Жобаларды жеңілдікпен қаржыландыру, Өнеркәсіп қорында көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылады», - деді ол.

Қарабаев атағандай, ауылдағы тұрғын үй мәселелерін шешу мақсатында өз қызметкерлері үшін жалға берілетін үйлер салған жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау тетігі іске қосылды.

«Осы тетік арқылы ауыл қызметкерлері үшін 2 мың 855 тұрғын үй салу жоспарланып отыр (14,3 млрд.теңге). Бұдан басқа ауылдық жерлерде жеке тұрғын үй құрылысын ынталандыру мақсатында жыл сайын 22 мың жер учаскесі инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз етіледі», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары