Олардың ең көбі Шығыс Қазақстан облысында және ең азы Ұлытау облысында орналасқан
Былтыр жыл соңында Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 281 ұйым тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2021 жылы аталған ұйымдар саны 272 болған.
«Бүгінде стационарлық үлгідегі 172 ұйым, жартылай стационар – 75, уақытша қабылдайтындар – 31, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің бірнеше шарттары бар 3 ұйым бар. Тіркелген ұйымдардың ең көбі Шығыс Қазақстан облысында (31) және ең азы Ұлытау облысында (3) орналасқан», - делінген бюро хабарламасында.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымдарда тұратындардың негізгі контингенті – мүгедектігі бар адамдар. Олардың саны – 24 724 адам немесе қызмет алушылардың жалпы санының 61,3%-ы.
Айта кетейік, 245 мекеме мемлекеттік меншікте болса, 36-сы жекеменшікке (оның ішінде шетелдік меншікте – 4) қарайды.
«Бүгінде Қазақстанда Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған 48 медициналық-әлеуметтік мекеме жұмыс істейді, онда 5 756 адам тұрады. 2021 жылы 53 қарттар үйі жұмыс істеді, онда 7 321 адам тұрды», - дейді мамандар.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың жалпы саны: