Астана жастары 1001 қызғалдақ таратады

Автор: Azattyq Rýhy

Шара үш күнге жалғасады

Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен елордалық волонтерлар «Көктем шуағы» акциясын бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Бүгін акция «Астаналық» сауда орталығының аумағында бастау алды. Онда қала еріктілері жұмысшыларға қызғалдақ сыйлап, мейрам қарсаңында жылы лебіздерін білдірді. Акцияға 20-ға жуық ерікті қатысты. Олардың қатарында Әлішер Ешенқұлов сияқты жас кәсіпкерлер де бар»,- делінген хабарламада. 

Наурыздың 5-8 аралығында жалғасатын акция аясында «Астана жастары» волонтерлары қаланың кәсіпкерлерімен бірлесе отырып, 1001 қызғалдақ тарататын болады.