ШұғылЕлімізде өткен тәулікте 999 адамнан коронавирус анықталды

Алматыда коронавирус тіркелген жоқ - басқарма

Бүгінге дейін әлемнің 64 елінде коронавирус таралғаны анықталды

көрнекі фото: Алматы әуежайындағы оқу-жаттығу жиыны, informburo.kz

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев әлемдік эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына, көрші елдерде инфекцияның өршуіне байланысты мегаполисте алдын алу шаралары күшейтілгенін айтты.

«Алматы қаласының медициналық ұйымдары коронавирус инфекциясының келуі мен таралу қаупінің алдын алу бойынша эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруға толық дайын», - деді Т. Әбілдаев.

Ағымдағы жылдың 3 наурызға провизорлық стационарда 1А санат бойынша 131 азамат емделіп, 1Б бойынша 119 және 2 санат бойынша 955 азамат, 3 санат бойынша 1632 адам бақылауда.

«Медициналық ұйымдар дәрі-дәрмектер, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Бактерияға және вирусқа қарсы препараттар мен дезинфекциялық құралдардың жеткілікті қорымен қамтамасыз етілді және барлық медициналық ұйымдарда санитайзерлер мен антисептиктер бар», - деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ БМСК, көпсалалы стационарлардың, жедел жәрдемнің медицина қызметкерлері оқытылды. Айтуынша, эпидемиологиялық жағдай нашарлайтын болса, Алматы қаласында ауруханаға жатқызу және карантиндеу үшін қажетті қосымша орындар жеткілікті.

«Қазір көпсалалы медициналық провизорлық стационарда әртүрлі елдерден келген 131 азамат бар. Олардың ішінде Қазақстаннан бөлек, Иран, Моңғолия және ҚХР азаматтары да бар», - деді ол.

Басқарма басшысының айтуынша, 3 наурызда 12 адам шықты, енді тағы 12 азамат шығарылады. Жалпы, Алматы қаласында бірде-бір азамат Covid-2019 вирусын жұқтырмаған және тіркелмеген.