02.03.2020, 10:31
Қоғам
1 наурызда өткен митингтерде 80-нен аса адам ұсталды - Тұрғымбаев
Ұсталғандардың біреуіне айыппұл салынып, үшеуі әкімшілік қамауға алынған
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 1 наурыз күні еліміздің бірнеше қаласында өткен митингке шыққан азаматтар жайлы айтты.
«Бас прокуратураның ескертуіне қарамастан, кеше біраз азамат экстремистік ұйымдар үшін рұқсат етілмеген орындарда митинг ұйымдастырмақ болды. Полиция қоғамдық тәртіпті ретке келтіру үшін шара қабылдады. 80-ге жуық адам полиция бөліміне жеткізілді. Әңгімелесуден кейін барлығы жіберілді», - деді Е.Тұрғымбаев.
Ұсталғандардың біреуіне айыппұл салынып, үшеуі әкімшілік қамауға алынған. Оның екеуі полицияға қарсылық көрсеткені үшін, біреуі митинг ұйымдастырғаны үшін қамалыпты.
Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты