Жыл басынан бері МӘМС-ке 64,3 млрд теңге түскен

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстандықтар 1 қаңтардан бастап жалақысынан Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына ақша аударып жатыр

2017-2019 жылдар аралығында МӘМС қорында 247 млрд теңге жиналса, биыл 2 айда аударымдар мен жарналар сомасы 64,3 млрд теңгені құраған. Жұмыс берушілер жалдамалы қызметкерлер үшін 13,3 млрд теңге, дербес төлеушілер 2,5 млрд теңге төледі.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бүгін мемлекет те бюджеттен МӘМС-ке 48,5 млрд теңге аударғанын айтты. Ол ақшаға 15 санат бойынша  жеңілдікке ие 10 млн адам тегін емделеді.

«Жалпы, бұған дейін әр адамға арналған  медициналық қызмет көрсету шығыны 55 мың теңге болатын, МӘМС арқасында 2020 жылы бұл сома 84 мың теңгеге жетті», - деді министр.