Зейнетақы қоры бір айда 28 млрд теңге пайда тапқан

Автор: Azattyq Rýhy

Ал қордағы ақша 11 трлн теңгеге жақындап келеді

Салымшылардың зейнетақы жинақтары 2020 жылдың қаңтар айында 96,9 млрд теңгеге немесе 0,9%-ға ұлғайып, 1 ақпандағы жағдай бойынша 10 897,5 млрд теңгені құрады деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлттық банкке сілтеме жасап.

«2020 жылдың қаңтар айында  зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен «таза» пайда 28,2 млрд теңгеге ұлғайып, 1 ақпандағы жағдай бойынша  4 361,9 млрд теңгеге дейін өсті.  Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ шоттарды есептегенде) 10,1 млн шотты құрады», - делінген баспасөз хабарламасында.

Ұлттық банктің мәліметінше, қаңтар айында  зейнетақы төлемдерінің сомасы 17,9 млрд теңге болды.  БЖЗҚ-ның жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесін ҚР мемлекеттік құнды  қағаздары және ҚР эмитенттерінің корпоративтік құнды қағаздары (зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің тиісінше 42,2%-ы және 28,1%-ы) құрайды.