Аталған проблемаларды шешу жолдары қаланы дамутыдың 5 жылдық жоспарында көрсетілген
«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Шымкентке жасаған сапары барысында жастармен, белсенді тұрғындармен және үкіметтік емес ұйым мүшелерімен кездесті.
Жиын барысында Бауыржан Қыдырғалиұлы жолдардың сапасы, жарықтандыру, жұмыс орындары, үшауысымды мектептердің жайы сияқты бірнеше өзекті проблеманы атап, олардың шешілу жолдарын талқылады. Сонымен қатар, қаланы дамытудың бес жылдық бағдарламасы туралы айтты.
«Елбасы, партия Төрағасысының тапсырмасы бойынша, біз барлық өңірдегі осындай «әлсіз тұстарды» орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүйелі шешу үшін анықтаймыз. Бұл мәселеде халық белсенділік танытады деп үміттенеміз. Біз бірге, диалог және өзара сенім арқылы ғана ел Президенті ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыра аламыз», - деп жпзды Б.Байбек өзінің Facebook-парақшасында.