БЖЗҚ салымшылар ең жиі жүгінетін қызмет түрін атады

Былтыр 14 млн адам шоттағы ақшасын тексерген

БЖЗҚ салымшылар ең жиі жүгінетін қызмет түрін атады

Зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары арасындағы ең танымал қызмет. 2019 жылы бұл қызметті пайдалану көрсеткіші 14 миллионнан асқан, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy БЖЗҚ сайтына сілтеме жасап.

БЖЗҚ мәліметінше, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені шот ашылған күннен бастап салымшы тегін алуға құқылы.

«Бұл заң жүзінде бекітілген құқық. Ең ыңғайлы және жылдам тәсіл – бұл үзінді көшірмені БЖЗҚ сайты немесе электрондық үкімет порталының жеке кабинеті арқылы алу. Сонымен қатар БЖЗҚ-ның смартфон немесе планшеттерге арналған жаңартылған мобильді қосымшасын пайдалануға болады. Барлығы 5,6 миллион адам зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты жеке кабинет арқылы алған. Бір жыл ішінде интернет байланысы тәсілін таңдағандар саны 500 мыңға жуық адамға көбейді. 860 мың адам үзінді көшірмені электрондық пошта арқылы алады, - делінген БЖЗҚ  сайтында.

Сондай-ақ БЖЗҚ салымшы мекен-жайын ауыстырған жағдайда бұл туралы қорға  хабарлауға міндетті екенін еске салады. Егер хабарламаса, БЖЗҚ келесі жылы үзінді көшірме салынған хатты оған жібермеуге құқылы екен.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.