Елордада «Көктем–2020» республикалық оқу-жаттығу шарасы өтеді
Шара 25 ақпан күні сағат 10.20-да басталады
Оқу-жаттығу жұмысын өткізу барысында су тасқыны кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерінің дайындығына байқау жүргізіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Авариялық-құтқару құрамаларымен практикалық шаралар барысында төмендегідей іс-шаралар ұйымдастыру көзделген:
- зардап шеккендерді эвакуациялау, құмға толы қаптардан қорғаныс үйінділерін жасау;
- еріген суды тазалау және қар шығару жұмыстарын жүргізу;
- зардап шеккендерге жылыту мен тамақтандыру пунктерін ұйымдастыру;
- электр беру желілерінің үзілуін жою және инертті материалдары бар қаптардан үйінді бөгет салу.
Шара 25 ақпан күні сағат 10.20-да басталады.