$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Мамандық таңдау маңызды іс»: Алматылық еріктілер балалар үйінің тәрбиеленушілеріне оқуға түсуге көмектесіп жатыр

Балалар үйінің жоғары сынып оқушыларына мамандық және оқу орнын таңдауына көмектесу үшін Алматыда «Болашақ» жобасы жұмыс істейді

«Мамандық таңдау маңызды іс»: Алматылық еріктілер балалар үйінің тәрбиеленушілеріне оқуға түсуге көмектесіп жатыр

Балалар үйінің бүлдіршіндерінен бастап жеткіншектеріне дейін қамқорлық танытуға тырысып келеміз деген «QAMQOR CHARITY» қоғамдық қоры түрлі жобалардың сәтті жүргізіліп келе жатқанымен бөлісті. Аталған қоғамдық қордың төрайымы, Алматы қаласы әкімі жанындағы жастар кеңесінің мүшесі Бағдат Анарбаева еріктілермен жұмыла атқарып жатқан жұмыстардың біршамасына тоқталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Алматы қаласының еріктілері «Болашақ» жобасы аясында ата-ана қамқорлығынан айырылған жасөспірімдер мен қиын өмірлік жағдайда қалған жастарды әлеуметтендіруге көмектесу бойынша кешенді шараларды жүзеге асырып жатыр.  Атап айтқанда, еріктілер қаладағы балалар үйлері мен әлеуметтік орталықтарда кәсіптік бағдар беру, құқықтық сауаттылыққа қысқа мерзімді оқыту, бос уақытты ұйымдастыру, ынталандыру кездесулері, мәдени іс-шаралар, тағылымдамалар өткізеді», - дейді «QAMQOR CHARITY» қоғамдық қорының төрайымы, Алматы қаласы әкімі жанындағы жастар кеңесінің мүшесі Бағдат Анарбаева.

Осы жоба аясында еріктілер жетім балаларға арналған «Жанұя» мамандандырылған кешенінде, №1 облыстық балалар үйінде, SOS балалар ауылында, Алматы қаласындағы «Жастар үйі» әлеуметтік мекемелер түлектеріне арналған бейімдеу және қолдау орталығында жұмыс істейді. Бас-аяғы 12 мен 29 жас аралығындағы 100-ден астам бала мен жасөспірімді қамтыған.  

«Бүгінгі күні еріктілер ат спорты клубына, циркке тегін саяхаттар, қала бойынша экскурсиялар, профилактикалық стоматологиялық тексерулер, кинофильмдер көрсету және басқа да танымдық-мәдени шараларды ұйымдастырды. Сондай-ақ волонтерлар балалар мен жастардың кумирлерімен 23 мотивациялық кездесу ұйымдастырды. Мотивациялық кездесулерге спикер ретінде атақты актер, режиссер Еламан Есентаев, кәсіпкер және блогер Алмас Маратұлы, актер Мағжан Хамит, хореограф және Funky dance би орталығының негізін қалаушы Марат Ягфаров, атақты әнші Enlik, оратор Кристина Шихалева, мобилограф Ерасыл Ержанов және де басқа жастар көшбасшылары келді,- дейді Бағдат Анарбаева.   

Сонымен қатар, жоба аясында қоғамдық қор волонтерлермен балаларға арналған тегін үйірмелер мен секциялар ашылып, заманауи сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді курстарды оқытуды жоспарлап отыр екен.

«Волонтермен мобилография, қол өнері, аспаздық, шахмат, актерлік шеберлік, спорт, дизайн, дебат, волонтерлік жұмыс және де басқа да қызықты бағыттар бойынша үйірмелер біртіндеп ашылып жатыр. Қазіргі таңда қала еріктілері балалар үйінде және әлеуметтік орталықтарда жүйелі түрде жұмыс атқарып жатыр деп ауыз толтырып айта аламын. Волонтерлердің басты мақсаты ата-ана қамқорлығынан айырылған жасөспірімдер мен қиын өмірлік жағдайда қалған жастарды әлеуметтендіруге көмектесу. Осы орайда волонтерлермен түрлі мәдени және спорттық іс-шаралар да ұйымдастырылуда. Айта кететін болсақ, жылдың басынан бастап қала еріктілерімен 10-ға жуық мәдени және спорттық конкурстар ұйымдастырылды. Конкурстар мобилография, сурет салу, мәнерлеп өлең оқу, өнер көрсету, спорт бағыттары бойынша өтті»,-дейді Бағдат Анарбаева.

Сонымен қатар, еріктілер жастардың заңдық сауаттылығын арттыруға ат салысып жүр. Осы бағыт бойынша волонтерлер заңгерлердің қатысуымен қысқа оқыту курстарын ұйымдастырған. Курстарға 100-ден астан жасөспірім қатысып, білімдерін, құқықтық сауатын арттырыпты. Бұдан бөлек, жас өрендердің мамандық таңдауда қателеспеуі үшін олармен алдын-ала кәсіби мамандар сұхбаттасады екен.

«Құқықтық мемлекеттің теориясы заңның үстемдігі мен оның әлеуметтік өмірді реттеуші ретінде тануға негізделеді. Бұл рөл заңға жай ғана құрметпен қараудан маңызды және жан-жақты. Адамдардың заңға қатысты көзқарасы қандай болса да, соңғысы олар үшін кез келген істің бастауы болып табылады. Бұл заңның түрлі құқықтық қатынастардың барлығына түрлі жағдайлар мен реттеу ережелерін қоятындықтан ғана емес, ол рұқсат береді және бермейді, осы арқылы «жалпы ойынның ережелерін» жасақтайды. Осы бағыт бойынша еріктілер заңгерлердің қатысуымен қысқа оқыту курстарын өткізді. Курстарға жетім балаларға арналған «Жанұя» мамандандырылған кешенінің, №1 облыстық балалар үйінің, SOS балалар ауылының, Алматы қаласындағы «Жастар үйі» әлеуметтік мекемелер түлектері, балалары мен жастары камтылған болатын. Оқыту курс негінде 3 бағыт бойынша лекциялар дайындалды. Заңгерлер тұрғын үй, білім, әлеуметтік көмек тақырыптары бойынша лекцияларды өткізді»,-деді Бағдат Анарбаева.  

Қор төрайымы волонтер балалар үйінің және әлеуметтік орталық тәрбиеленушілері арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын да жүргізіп жатқанын алға тартты. Сондай-ақ, ол қазір еріктілер балалар мен жасөспірімдерге жоғарғы және орта оқу орындарына экскурсиялар ұйымдастырып жатқанына тоқталды. Осы жоба аясында алдағы уақытта жоғары оқу орындарына, орта білім беру мекемелеріне түсуге көмектесу және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар мен жасөспірімдерді жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстар жалғасын табатынын айтты.

«Волонтерлер жастардың әлеуметтенуі, кәсіпітк бағдар беру, білім беру, қабілеттерін арттыру, бос уақытын тиімді өткізу бағыттарынан бөлек қайырымдылық та көмек көрсетуде. Жақында, олар демеушілердің қолдауымен, Алматы қаласындағы «Жастар үйі» әлеуметтік мекемелер түлектеріне арналған бейімдеу және қолдау орталығының 70-тен астам жастарын азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша қайырымдылық көмек көрсетті», -деді қор төрайымы. 

Айта кетейік, «QAMQOR CHARITY» қоғамдық қорының мүшелері Алматыда қамқорлық пен қолдауды қажет ететін 1500-ден астам жалғызбасты зейнеткерге де қолғабыстарын тигізіп тұрады. Бүгінде 675 зейнеткер қаладағы 26 әлеуметтік орталықта тұрады.

 

 

Серіктес жаңалықтары