$ 494.84  537.4  5.58
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.02.2020, 12:03
Қоғам

Қазақстанда мемлекеттік нысандардағы полицейлерді күзетшілер алмастырады

Осылайша ІІМ өз қызметкерлерінің міндетіне кірмейтін жауапкершіліктен құтылмақ 

Қазақстанда мемлекеттік нысандардағы полицейлерді күзетшілер алмастырады

Сенаттың үкіметтік сағаты барысында ІІС басшысы Ерлан Тұрғымбаев ведомствоның 622 мемлекеттік нысан күзетін жеке құрылымдарға өткізіп беруге дайындалып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Бұл нысандар қатарына қаржы мекемелері, салық қызметі, мемлекеттік материалдық резервтер, соттар мен прокуратуралар кіреді. Бүгінде меморгандар мен заңды тұлғалардың күзетуге алынған 72 нысаны бәсекелес ортаға тапсырылып үлгерген.   

«Бүгінгі күні 12 мың полиция қызметкері тек нысан күзетумен ғана айналысып отыр. Яғни, полиция қызметкері таңертең кезекшілікке келіп, кешке нысанды тапсырып беріп жүрген қарауыл болып кетті. Олар қылмыстарды ашуға қатысты жұмыс атқарып, құқықбұзушылықтың алдын алу шараларына атсалысып жүрген жоқ», – деді министр.    

Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, елдегі жеке күзет компанияларында 98 мыңнан астам кәсіби қызметкер бар, олардың бәрі қару ұстауға берілетін рұқсат қағазына ие әрі осы жұмысты еш қиындықсыз атқара алады. Оның үстіне, қазіргі уақытта күзет нарығында жұмыс орындары жоқтың қасы.

Министр қазірдің өзінде спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жаппай полиция тарту жұмыстарының азая бастағанын атап өтті.  Ішкі істер министрлігі мен Мәдениет және спорт министрлігінің бірлесе шығарған жарлығына қол қойылған. Енді бұқаралық іс-шараларға жеке күзет құрылымдарының қызметкерлері мен волонтерлер тартылатын болады. 

 Дереккөз: Polisia.kz

Серіктес жаңалықтары