Қайрат Құдайберген тікелей эфирде мұқтаж жанға 1 млн теңге беретінін мәлім етті

Автор: Azattyq Rýhy

Телеарнада ток-шоу кезінде белгілі меценат осындай шешім қабылдады

Бағдарлама кейіпкері Аянның анасы әкесінің қолынан қаза тауып, әкесі түрмеге жабылған. Анасы өмірден өткен соң, кәмелеттік жасқа толмаған 4 бауыры оңалту орталығында болды. Ал, Аян мен оның қарындасы Айгерім астанада жұмыс істейді. Аян 5 бауырын жинап, бір үйде өмір  сүруді армандайды.

Кәсіпкер - Қайрат Құдайберген, Аянның қолын байлап тұрған несиені өтеуге 1000.000 теңге қаржылай қолдау көрсетіп, қарындасы Айгерімге кәсіп таңдап, қолына қармақ ұстатуға бағыт беретінін айтты.