21.02.2020, 17:20
Azat Alań
Наурыз мейрамы қатарынан 9 күн тойлануы керек – ұсынысты талқылау
«Азат алаңда» - Еркебұлан Жұмашов
«Рухани жаңғыру» институтының Наурыз мейрамын бастан-аяқ реформалауға қатысты ұсынысы елде қызу талқыланып жатыр. Осыған орай «Азат алаң» бағдарламасы идея авторы «Рухани жаңғыру» институтының сарапшысымен сұқбаттасқан еді. Еркебұлан Жұмашов ұлыстың ұлы күнін 9 күн қатарынан атап өтуді қолдап отыр. Өйткені қала, аудан мен ауылдардың алшақ орналасуына байланысты адамдар жолға көп уақытын жоғалтады. Сондықтан 14-23 наурыз аралығын мемлекеттік деңгейде демалыс деп жариялап, отбасылық мерекеге айналдыру керектігін айтады. Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелер жаңа жылдық корпоратив кештерін неге көктемде өткізу қажеттігіне тоқталды.
Көп оқылған
03.02.2026, 10:18
«Үш баласы бар әйел болып шықты»: Қосшы тұрғыны «сүйіктісіне» 1,5 млн теңге қалың мал төлеп, алданып қалған
03.02.2026, 13:10
Адам ұрлап, 12 млн теңге талап еткен: Астана мен Алматыда қылмыс әлемінің бандалары ұсталды
03.02.2026, 16:28
АҚШ-та алаяқтық жасаған екі қазақстандыққа ауыр айыптар тағылды
03.02.2026, 09:10
Жетісу облысында ішіп алған ер адам 3 жасар баласы мен әйелін көкала қойдай етіп сабаған (ВИДЕО)