Барлығы 26. 618 өтініш қабылданған
Қазақстанда «7-20-25» бағдарламасы аясында 301,6 млрд теңгеге 26. 618 өтініш қабылданды, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
13 ақпандағы мәліметке сәйкес, 301,6 млрд.теңге қарыз алуға 26. 318 өтініш қабылданған. Оның ішінде 180,2 млрд теңгенің займын алуға 15. 724 адамның өтініші мақұлданған.
«7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса, «Баспана» ипотекалық ұйымына + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуыңызды сұраймыз. Сондай-ақ ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында қосымша ақпаратпен мына сілтеме бойынша таныса аласыз. http://www.baspana72025.kz», - делінген хабарламада.