«Жер аманаты»: Жаңаарқада 43 шаруа қожалығы 41 мың гектардан астам жерді өз еркімен қайтарды

Azattyq Rýhy

Маман Жаңаарқа ауданындағы іс-шаралар жайлы айтты

«Жер аманаты»: Жаңаарқада 43 шаруа қожалығы 41 мың гектардан астам жерді өз еркімен қайтарды

Қазақстан жер көлемі жағынан әлем бойынша 9-орында тұр. Алайда игеріліп жатқан жердің көрсеткіші көңіл көншітпейтіні анық. Игерілмей жатқан жерді мемлекет меншігіне қайтару биыл жазда Президенттің тапсырмасымен кешенді түрде қолға алынды. Осыған орай маусым айында «AMANAT» партиясының жанынан «Жер аманаты» комиссиясы құрылды. Комиссия аймақтарды аралап, жұмыс жүргізді. Сондай-ақ комиссияның жедел желісі де іске қосылған болатын. Жер телімдері мен оларды игеру мәселесі бойынша жергілікті жерлерде қандай жұмыс атқарылып жатқанын білу үшін Azattyq Ruhy тілшісі Жаңаарқа ауданы жер бөлімінің басшысы Айдын Қайроллаұлымен сұхбат құрды.

Айдын Кайроллаұлы 1983 жылы Атасу кентінде жұмысшы отбасында дүниеге келген.

«Еңбек жолымды Жаңаарқа ауданындағы ДЭУ-43 мекемесінде 2-разрядтағы жол жұмыскері болып бастадым. 2001-2006 жылдары сылақшы, жұмыскер, монтаждаушы болып еңбек еттім. 2006 жылы «Жаңаарқа ауданының Жылжымайтың мүлік орталығы» РМК-ға маман болып жұмысқа орналасып, 2010 жылдың 17 ақпанынан бастап басшы қызметін атқарып келемін», - деді ол.

Оның айтуынша, 2016 жылдың 8 сәуірінен кәсіпорынның қайта құрылуына байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ, Жаңаарқа ауданының «Жер кадастры және жылжымайтын мүлік» бөлімінің басшысы болып қызмет атқарған.

2018 жылы мемлекеттік қызметке ауысып, кейінгі төрт жылда «Жаңааарқа ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде басшы болып жұмыс атқарып жатыр.

Ол биылғы Жолдаудың маңыздылығына тоқтала келе жаңа мүмкіндіктерге жол ашылатынын айрықша айтып өтті.

«Жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын Жолдау халықтың болашаққа деген сенімін нығайта түсері сөзсіз. Стратегиялық маңыздылықты қамтамасыз етуге және белгілі бір уақыт аралығында нақты міндеттер мен мәселелерді шешуге бағытталған Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы қазіргі уақытта ел үшін маңызды, күрделі мәселелерді шешуді көздейді. Президентіміз Жолдауында көптеген маңызды мәселеге айрықша мән берді. Жолдауда айтылған тапсырмалардың жүзеге асуына бәріміз де үлкен жауапкершілікпен атсалысуымыз қажет», - деді маман.

«Жер Кодексінің 14-1 бабының 3 тармағына сәйкес аудандардың уәкілетті органдарының аудан шекарасы шебіндегі және оның әкімшілік бағыныстылығына берілген аумақтағы құзыретіне: иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау, геологиялық зерттеуге және пайдалы қазбаларды барлауға байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жария сервитуттарды белгілеу бойынша ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы ұсыныстарының және шешімдерінің жобаларын дайындау кіреді», - дейді Айдын Қайроллаұлы.

Сондай-ақ мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау, жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау, жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру, елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру, жер сауда-саттығын (аукциондарын) жүргізуді ұйымдастыру, жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жер балансын жасау да қажет.

«Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру, жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру жатады», - деді ол.

Осы Кодекстің 33-бабы 1-тармағы алтыншы бөлігінің тармақшасында көзделген жағдайда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану шартын қайта ресімдеу бар.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап шағын бизнеске тексеріс жүргізуге мораторий жарияланғандықтан «Жаңаарқа ауданының жер қатынастары» ММ ауылшаруашылық жерлерін нысаналы мақсатта тиімсіз немесе мүлдем пайдаланбауын тексеріс жасамай, түсіндірме жұмыстары нәтижесінде өз еркімен қайтарып жатыр. 2022 жылдың І жарты жылдығында аудан бойынша ауылшаруашылық мақсатындағы жер телімдерін тиімсіз немесе мүлдем пайдаланбай отырған шаруа қожалықтарын анықтау мақсатында аудандық ветеринариялық станциясына сұраныс хат жолданды. Сонымен қатар жер телімдерін пайдаланбай отырған жер пайдаланушылардың тізімі Жаңаарка әкімшілігінің ресми сайтына салынды», - деді ол.

Айдын Қайроллаұлының айтуынша, атқарылған жұмыстардың қорытындысы ретінде қазіргі уақытта аудан бойынша ауылшаруашылық мақсатындағы жер телімдерін тиімсіз пайдаланбай отырған 63 шаруа қожалығының тізімі анықталып отыр.

«Аталған шаруа қожалықтарына 2022 жылдың 29 сәуірінде ауылдық округ әкімдіктері арқылы тізім бойынша хабарлама жолданды. Қазіргі уақытта малдарын тіркеп, игеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұдан бөлек, «Ғарыш сапары» жүйесі арқылы пайдаланбай отырған 83 (7 егістік, 76 жайылым жер) жер телімі анықталды. Аталған жүйе арқылы электронды түрде жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына тексеріс ашуға жіберілді», - дейді ол.

Басқарма басшысының айтуынша, шаруаларға жерді тартып алмас бұрын түсіндіру жұмысы жүргізіледі.

«Мысалы, жайылым жерде мал жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының болмауы не олардың саны агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасының жиырма пайызынан аз болуы, жем-шөп дайындау мақсатында шөп шабудың болмауы, жерді тиімсіз немесе мүлдем пайдаланбай отырғаны түсіндіріліп, ауылшаруашылық жануарларының бірдейлендіру жүйесіне мал басын тіркету керегін түсіндіру негізінде шаруа қожалықтары малдарын тіркетіп игере бастаған», - дейді спикер.

Оның айтуынша, ауылшаруашылық мақсатындағы пайдаланбай отырған 43 шаруа қожалығы көлемі – 41 841,44 гектар құрайтын 57 жер телімін ауданның арнайы жер қорына өз еркімен қайтарған.

«Елді мекендерде жайылымдық жерлердің жетіспеушілігін азайту үшін 2021-2022 жылдары аудан бойынша жалпы ауданы 114 777 га болатын алшақ мал жайылымына ауылдардың әкім аппараттарына жер пайдалану құқығын беруді шешті. Елді мекендер шекараларын өзгерту арқылы жайылым жерлерін жалпы 20 495 гектарға ұлғайту жоспарланып отыр. Жалпы 2022 жылдың соңына дейін елді мекендердің жайылымдық жері 135 272 гектарға ұлғайтылды», - деді ол.

Айдын Қайроллаұлы атағандай, жайылым жерлерінің жетіспеушілігін азайту мақсатында 2021-2022 жылдары ауданның босалқы жер есебінен жалпы көлемі – 571053,1309 га гектар, оның ішінде: егістік – 150,63 га шабындық – 1568,6 га, жайылым – 563177,151 га жер телімдері айналымға берілді.

2021 жылы жалпы көлемі – 174 785 га гектар, оның ішінде: шабындық – 424 га, жайылым – 173 819 га.

2022 жылы жалпы көлемі – 396268,1309 гектар, оның ішінде: егістік – 150,63 га, шабындық – 1144,6 га, жайылым – 389358,151 га.

2022 жылы өткізілген конкурста ауданның босалқы жер есебінен 172 жер телімі бөлінген.

  • Түгіскен – 111 жер телімі, жалпы ауданы – 342 141 га;
  • Ақтау – 25 жер телімі,жалпы ауданы – 55 076 га;
  • Ералиев – 13 жер телімі, жалпы ауданы – 12 290 га;
  • М.Жұмажанов ат.а.о. – 5 жер телімі, жалпы ауданы – 6 274 га;
  • Талдыбұлақ – 18 жер телімі, жалпы ауданы – 2 346 га.

«16 жер телімі бойынша конкурс өткізілмей, қалған 156 жер теліміне 559 өтінім түсіп қаралып, жалпы 117 шаруа қожалығы жеңімпаз болып аңықталды. Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 43-1 бабына сәйкес, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен беру конкурс негізінде жүзеге асырылады», - деді ол.

Конкурстық ұсыныста:

  1. бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
  2. шаруашылық ішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;
  3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы №7 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19 893 болып тіркелген) бекітілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуы тиіс.

Марья Айдарбаева

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.