159 мың теңге: көпбалалы ананың министрге жауабы
Жаңа тәртіпте берілетін жәрдемақы туралы
Бүгін Еңбек министрі Біржан Нұрымбетов көпбалалы аналарға жәрдемақы төлеудің жаңа тәртібі қарстырылып жатқанын айтты. Оның айтуынша, бүгінге дейін жеті және одан да көп баласы бар аналарға максималды түрде 75 000 теңге төленетін болса, ендігіде сегіз баласы барларға 74 000 емес, 85 000, он баласы барларға – 106 000, он бес балаға – 159 мың теңгеден төленбек.
Бұған дейін Еңбек министрі мемлекеттік жәрдемақы бала саны бойынша (4 баласы бар (45 500 тг), 5 баласы бар (53 125 тг), 6 баласы бар (63 750 тг) және +7 баласы бар (73 375 тг) отбасыларға берілетінін мәлімдеген еді.
Министрдің бұл бастамасына көпбалалы аналардың айтары бар. Елордалық Гүлшат Жұмағалиева Біржан Нұрымбетовтің ұсынысы аналардың ашуын келтірді деп есептейді.
Ал, эмбриолог, репродуктолог дәрігер Салтанат Байқошқарова болса, әйелдер 15 құрсақ көтеретін «жануар емес» деп шамданды. Толық ақпарат бейнематериалда.