Демографиялық өсім тек 3 облыста байқалып отыр
2020 жылдың 1 қаңтарында еліміздегі халық саны 18.632,2 мың адамға жетті. Оның ішінде қалалықтар – 10.893,8 мың (58,5%), ауылдықтар – 7.738,4 мың адамды (41,5%) құрады деп хабарлайды Azattyq ryhy Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетіне сілтеме жасап.
Комитеттің мәліметінше, 2019 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда халық саны 236,5 мың адамға немесе 1,3% өскен.
«Жалпы демографиялық өсім 3 өңірде байқалады. Ол - Алматы қаласы (62,2 мың адам), Нұр-Сұлтан қаласы (57,6 мың адам) және Түркістан облысында (36,4 мың адам)», - делінген хабарламада.